Пәрмендерді жіберу

Пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына жіберу үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Пәрменді жіберу қажет болған пайдаланушы ұялы құрылғысын таңдаңыз.
  3. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
  4. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде ұялы құрылғыға жіберу қажет пәрменнің атауы бар бөлімге өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.

    Таңдалған пәрменге байланысты, Пәрмен жіберу түймесін басқаннан кейін пәрменнің қосымша параметрлерін конфигурациялау терезесі ашылуы мүмкін. Мысалы, ұялы құрылғыдан provisioning профилін жоюға арналған жіберу кезінде бағдарлама ұялы құрылғыдан жою қажет provisioning профилін таңдауды ұсынады. Терезеде пәрменнің қосымша параметрлерін көрсетіп, таңдауыңызды растаңыз. Содан соң, пәрмен ұялы құрылғыға жіберіледі.

    Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.

    Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.

    Пәрмендер журналы блогында ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер және осы пәрмендерді орындау күйлері көрсетіледі. Жаңарту түймесі арқылы пәрмендер тізімін жаңарта аласыз.

  5. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу